Госорганы

«Әскерде «қыздар» деген ұғым жоқ»: министр бітімгерлік миссияда қанша әйел жүргенін айтты

Әзірге миссияда жалғыз әйел офицер бар

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгерлік миссияда қанша әйел жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір жалғыз офицер әйел Батыс Сахарада бітімгерлік миссияда жүр. Осы жолы 7 әйел бітімгер барады. Контингент ауысқан сайын біз олардың санын арттыруды қарастырып отырамыз», — деді Руслан Жақсылықов.

Оның айтуынша, әйелдер үшін ешқандай жеңілдік жоқ, ерлер сияқты әскери қызметтен өтеді.

«Олардың қатарында әскери медиктер, аудармашылар мен техникалық қызметкерлер бар. Әскерде «қыздар» деген ұғым жоқ. Онда әскери қызметтегі әйел деген түсінік бар. Олар да әскер қызметкерлердің міндетін атқарады», — деді ведомство басшысы.

Другие новости

Back to top button