Восточно-Казахстанская областьВыбор редакции
Әскерде әбден жаурап, жылуға жабысқан сарбаздардың әрекеті жұрттың жанына батты
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бірнеше жігіттің жылу батареясына арқасымен жабысып отырғанын көруге болады. Тіпті әбден жаураған сарбаздардың жылыну үшін еденге жайғасқанын байқайсыз.
Өскеменде — 37 градус. Сіздерде ауа райы қалай болып жатыр?
Азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың бұл әрекеті жұрттың аяушылығын тудырған. Олар әлеуметтік желіде түрлі пікір қалдыруда.
«Өскеменде інім бар еді. Қатты жаурап жүр екен ғой», «Мына жігіттердің ішінен баламды іздесем, жоқ екен. Әйтеуір, аман болсын», «Қатты қиналыпты ғой. Тезірек қайтуларыңа тілектеспін», «-45 градуста да борышымызды өтедік. Шыдаңдар, сарбазсыңдар ғой»