ГлавноеНазначения и отставки

Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды

Өңірді осыған дейін басқарған Әбілқайыр Сқақов Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін өңірді уақытша басқаруға Олег Крук тағайындалған. Ал бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

 

Асайын Қуандықұлы Байханов бұған дейін Павлодар қаласының әкімі болған еді. Ол 1977 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005-2006 жылдары European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) және «ProCredit Holding AG» неміс халықаралық банк холдингінің Корпоративтік квалификация арттыру Орталығында білімін жетілдірген. 2017 жылы М.В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінде «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік» бойынша МВА дәрежесін алды.

Другие новости

Back to top button