Карагандинская область

«АрселорМиттал Теміртауды» басқаруды Вадим Басинге тапсырамын – Тоқаев

Президент компанияға қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді

Мемлекет басшысы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесу барысында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек», — деді Президент.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртауды» басқаруды Басин Вадим Борисовичке тапсыратынын айтты.

«Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Back to top button