Костанайская область

Арқалықта жылу электр орталығында апат болды

Жергілікті билік жағдайға қатысты түсінік берді

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді», — деді Арқалы қаласы әкімдігінен.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатын болады.

Онымен қоса, қала билігі азаматтардан әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратпауды сұрайды.

Айта кетейік, Арқалық жылу электр орталығы ауқымды реконструкциядан кейін былтырғы күзде іске қосылған болатын. Бұл ЖЭО-ға мазуттан көмірге көшуге мүмкіндік берді.

Другие новости

Back to top button