Культура

«Армияға барғандай болды»: Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлының жағдайы туралы айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлы Сардардың шетелге сапары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізушінің айтуынша ұлы 2023 жылы Англияға барып келген.

«Армияға барып келгендей болды енді, ашығын айтайын. 2023 жылы Англияға барды. Екі-үш аптада балам өз бетімен іс істей алатын болған. Өз киімін өзі жуады. Өз нанын өзі табады», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айтуынша, ұлының осыдан кейін ағылшын тілін білу деңгейі advanced деңгейіне бір-ақ көтерілген.

Айта кетейік, осыған дейін тележүргізуші жаңа жыл түнін анасымен, ұлдарымен бірге қарсы алып, отбасылық қуанышты сәтінен фото жариялағаны хабарланған болатын.

Другие новости

Back to top button