Культура

Арман Аша Матайға «бөлек бөлмеде ұйықтайық» деп ұсыныс тастаған

Отандық әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай “Қыздар-ай”бағдарламасында күйеуі Арманмен арада болған түсініспеушіліктер туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аша Матай тұңғыш қызын дүниеге әкелген соң күйзеліске түскенін жасырмады. Күйеуі Арманның ұсынысы жағдайды одан әрі ушықтырған.

“Біздің бірінші баламыз дүниеге келді. Перзентханадан шығып үйге қайтып келгеннен кейін үшінші түні Арман маған: “Мен шаршадым. Ұйқым қанбады. Басқа бөлмеге барып ұйықтайыншы” деді. Сосын мен: “Айналайын, қайдағы басқа бөлме? Мен де кетіп қалайын онда, бала өзімен-өзі жата берсін. Бұл – екеуіміздің баламыз.  Екеуімізден басқа бұл бала ешкімге керек емес. Мен де шаршадым, менің де қашып кеткім келеді. Бірақ амал жоқ. Екеуіміз бірге қараймыз дедім”, – дейді өнер иесі.

Ашаның айтуынша, осы әңгімеден кейін ерлі-зайыптылар бұл тақырыпты қозғамаған. Сондай-ақ ол “баланы тек анасы қарау керек, ер адам бөлек ұйықтайды” деген пікірге түбегейлі қарсы екенін айтты.

Другие новости

Back to top button