Госорганы

«Әріптестеріңіз де ойнайды»: депутат ҰҚК-дағы жағдайдың біржолғы емес екенін айтты

Ол қайтыс болатын жігіттен екі күн бұрын хат алғанын жеткізді

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкіліне лудоманияға қатысты сұрақ қойды, деп хабарлады Azattyq Ryhy тілшісі.

«Сіз бір-ақ жағдай болды деп айтып жатырсыз. Өкінішке қарай, жағдай мүлдем басқаша. Марқұм жігіт екі күн бұрын маған анонимді түрде хат жазды. Сіздерде бұл біржолғы жағдай емес. Бүкіл курс, бүкіл жоғары курс ойнайды (ставка қояды – автор). Сіздің әріптестеріңіз де ойнайды. Сондықтан сіздер мәселеге тек кішігірім есеп жасап қана қоймай, ауқымды жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Өйткені әскери орындарда бұл – үлкен проблема», — деді ол.

Берденов өзіне осы жайлы хаттар келіп түсетінін айтты.

«Мен күнде әртүрлі хат алып тұрамын. Депутаттар бұл мәселені қолға алып, (адамдармен) жеке кездесіп жатырмыз. Сіздерде де бұл күрделі проблема», — деді ол.

Өз кезегінде ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев бұл бойынша шешім қабылдайтынын айтты.

«Бәрін түсініп, біліп отырмыз. Қолдан келген істің бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Жауапты шешімді қабылдаймыз», — деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болғанын мойындады.

Другие новости

Back to top button