Госорганы

«Әрбір әйел мен баланың жеңісі»: Зәкиева Президент қол қойған заңға қатысты пікірін айтты

Бүгін Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Ол әрбір түзетуге  зорлық-зомбылықтан қаза тапқан бала мен әйелдің есімін беруге болады дейді.

«Балалық шақ бақытты әрі қауіпсіз болуы керек. Бұл заң осы мақсатты жүзеге асырудағы үлкен қадам. Заң Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйектегі Жолдауына сәйкес балалар мен әйелдерді қорғаудағы ұстанымының нәтижесінде қабылданды. Президенттің тапсырмасына сәйкес заң жобасын дайындау бойынша жұмысты былтырғы маусым айында мемлекеттік органдармен, Ұлттық құрылтай мүшелерімен, ұлттық комиссиямен, адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, сарапшылармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп бастадық»,- деп жазды Зәкиева facebook-тегі парақшасында.

Уәкіл өткен жылдың қыркүйегінде заң жобасын Бас прокуратура мен Мәжілісте таныстырғанын еске алды. Осылайша, заң Парламент мәжілісі, сенат депутаттарының маңызды толықтыруларымен бірге қабылданған.

«Заңда отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын, алдын алуға жағдай жасау, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуға, зорлық-зомбылықты криминализациялауға бағытталған 70-тен астам түзетулер бар»,- деді ол.

Другие новости

Back to top button