Ғылым және техника

Ақылды. Жылдам. Шағын және қолжетімді PIXMA принтерлері

Canon компаниясы жылдамдық, ыңғайлылық және смартфонға еш қиындықсыз қосылу мүмкіндігін сыйлау үшін жасалған екі аса ықшам «3-і 1-де» принтерін ұсынуға қуанышты. Интернетке қол жеткізу және пайдалану мүмкіндігі ажырамас бөлігі болып табылатын заманауи өмір салты үшін арнайы шығарылған жаңа PIXMA принтерлері TS6540i (OLED экраны бар) және TS4140i модельдерін қамтиды.

Екі модельдің де ені небәрі 374 мм, сондықтан шағын үстелге оңай сыйып, минималистік, заманауи дизайнымен ерекшеленіп тұрады. Үйдегі кеңседен жұмыс істеп жатсаңыз да, ас үй үстелінде мектеп жұмысын басып шығарсаңыз да, телефоныңыздан фотосуреттерді басып шығарсаңыз да, осы принтерлер көп орын алмай-ақ қуат пен дәлдікті қамтамасыз етеді. Ұзартылған басып шығару тиектерінің және жетілдірілген басып шығару механизмінің арқасында олар адам нанғысыз жылдам басып шығару жылдамдығын, пәрмен берілген сәттен бастап қас қағымда алғашқы дайын бетті шығару уақытын (First Print Out Time — FPOT) көрсетеді.

Өнімділігіңізді барынша арттырыңыз

Жаңа принтерлер жұмыс барысының жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге арналған. Пайдаланушылар минутына 14,0 бетке дейін (монохромды) және 9,0 бетке дейін (түрлі-түсті)¹ әсерлі басып шығару жылдамдығын, сонымен қатар алғашқы дайын бетті монохромды басып шығару үшін шамамен 7,5 секундта және түрлі-түсті басып шығару² үшін 9,5 секундта дайындай алатын қабілетіне лайықты бағасын бере алады. Жетілдірілген басып шығару тиегі тиімдірек қамту және дәлдік үшін көбірек шүмектермен жабдықталған, соның арқасында көлемді жұмысты тиімді орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жылдам көшірме жасай алатын бұл принтер барынша аз күтіп, мейлінше көп іс тындыруды қамтамасыз етеді.

Айрықша басып шығару анықтығы

Бұл принтерлер мәтінді айрықша анық, ұсақ-түйегіне дейін көрсетіп, басып шығарудың кәсіби сапасын сыйлайды. Жаңа пигментті қара сия мәтіннің анық шығуына кепіл, ал тамшыларды оңтайлы орналастыру және жиектерді өңдеу технологиясы жалпы басып шығару дәлдігі мен анықтығын жақсартады. Жоғары дәлдікті қажет ететін үйлер мен кәсіпорындар үшін арнайы штрихкод басып шығару режимі жапсырмалар жасау, түгендеме жүргізу және логистика үшін өте қолайлы жоғары сапалы штрихкод және QR код басып шығаруды қамтамасыз етеді.

Телефоныңызды фотозертханаға айналдырыңыз

Шығармашылық саласындағы адамдар ықшам 5×5 дюймдік шаршы өлшемінен әсерлі A4 өлшеміне дейін жиексіз фотосуреттерді, шамамен 39 секундта 4×6 дюймдік жиексіз жылтыр фотосуреттерді оп-оңай басып шығаруға тәнті болары анық.3. Canon компаниясының бояуларға негізделген жетілдірілген фотосурет басып шығару жүйесі әрбір суреттің телефон экранында көргеннен де жарқынырақ, жандырақ және шынайырақ көрінуін қамтамасыз етеді — әлеуметтік желілердегі суреттер, естеліктер альбомы және креативті жобалар үшін таптырмас мүмкіндік.

Смартфонмен бірге пайдалануға дайын, ал қосылу мүмкіндіктері керемет

PIXMA TS6540i және TS4140i принтерлері Интернетке тұрақты қол жеткізу басты мақсаты болып табылатын заманауи өмір салтына арналған, әлемнің кез келген жерінен үздіксіз сымсыз басып шығаруды және сканерлеуді ұсынады. Canon PRINT қолданбасының көмегімен пайдаланушылар смартфоннан немесе планшеттен бәрін оп-оңай басып шығара алады, құрылғының жай-күйін тексере алады, оған қызмет көрсете алады, сия деңгейін бақылап отыра алады. Принтерлер сонымен қатар Apple AirPrint және Android жүйесіне арналған Mopria® қолданбаларымен жұмыс істейді, осылайша түрлі драйвер орнатусыз-ақ жылдам басып шығаруға мүмкіндік береді. Оған қоса Canon PRINT қолданбасында орнатылған бұлттық байланыс арқылы пайдаланушылар Google Drive, Dropbox және OneDrive сияқты сервистерден тікелей басып шығара және сканерлей алады. Экрандағы QR код арқылы тікелей қосылу (тек TS6540i) сұраныс бойынша басып шығаруды жылдам әрі оңай етеді — жылдам сымсыз қосылу үшін кодты ұялы құрылғымен сканерлеу жеткілікті. Қарапайымдылық пен өнімділік үшін жасалған бұл принтерлер күнделікті басып шығаруды ақылдырақ және тиімдірек етеді.

Ыңғайлы әрі еш қиындықсыз сканерлеу және басып шығару

PIXMA TS6540i жарқын, анық және оқуға оңай интерфейсі бар, түйсік деңгейінде түсінікті 1,42 дюймдік монохромды OLED дисплейімен жасақталған. Бір рет басу арқылы көшірме жасаудың инновациялық функциясы арқылы пайдаланушылар түймені бір басып, еш баптаусыз, еш қиындықсыз жылдам көшірме жасай алады. Барлығы алдыңғы бетінде орналасқан принтерлер қағазды оңай жүктеуді, басып шығарылған материалды оңай шығаруды, құрылғымен оңай жұмыс істеуді ұсынады, сөйтіп шағын жұмыс кеңістіктері үшін өте қолайлы болады. Сондай-ақ 100 парақ сыятын қарапайым қағазға арналған алдыңғы кассетасы және қосымша ыңғайлылық пен тиімділік үшін автоматты екі жақты басып шығару функциясы бар.

Шынайы өмір үшін жасалған

Үйден жұмыс істеуден және мектеп тапсырмаларын орындаудан бастап, тоңазытқышқа ілетін фотосуреттер мен креативті жобаларға дейін — ең соңғы ықшам Canon принтері үйде жылдамдық пен жайлылықты қамтамасыз ететін тиімді әрі өнімді жұмыс орталығына айналады.

Негізгі сипаттамалары:

  • Шағын дизайн: ені небәрі 374 мм; шағын жерге оңай сыяды, кербез, заманауи келбеті бар.
  • Жоғары өнімділік: ұзартылған басып шығару тиектері және жетілдірілген басып шығару механизмі монохромды режимде 14,0 бет/мин және түрлі түсті режимде 9,0 бет/мин дейін жылдам басып шығаруды және алғашқы бетті монохромды режимде шамамен 7,5 секундта және түрлі түсті режимде 9,5 секундта шығаруды қамтамасыз етеді.
  • Жетілдірілген сия технологиясы: Canon пигменттік қара сиясы мәтіннің аса айқын, сызықтардың жіңішке шығуын және тамшылардың оңтайлы орналасуын қамтамасыз етеді.
  • Фотосурет басып шығарудың тамаша сапасы: жарқын фотосуреттер — әлеуметтік желілер, альбомдар және креативтік жобалар үшін өте қолайлы.
  • Смартфонмен үйлесімділік: Canon PRINT қолданбасы және QR код арқылы тікелей телефоннан басып шығарыңыз.
  • Бір түрту арқылы көшірме жасау функциясы: түймені бір басып-ақ оңай көшірме жасаңыз — артық баптау қажет емес.
  • Барлығы алдыңғы бетінде орналасқан: қағазды жүктеуді, басып шығарылған материалды шығаруды, құрылғымен жұмыс істеуді жеңілдетеді — шағын кеңістіктер үшін ерекше қолайлы.

Толығырақ біліңіз

Осы жаңа модельдер туралы қосымша ақпарат алу және Canon PIXMA сия бүріккіш принтерлерінің кең ауқымымен танысу үшін келесі сайтқа кіріңіз:

https://www.canon-kz.com/printers/pixma-ts4140i/

https://www.canon-kz.com/printers/pixma-ts6540i/

Сілтеме:

1 Құжатты басып шығару жылдамдығы әдепкі біржақты басып шығару режимі үшін «кеңсе» санатындағы сынақта орташа ESAT (Word, Excel, PDF) мәндерін білдіреді, ISO/IEC 24734. Басып шығару жылдамдығы жүйе конфигурациясына, интерфейске, бағдарламалық жасақтамаға, құжаттың күрделілігіне, басып шығару режиміне, беттің көлеміне, пайдаланылатын қағаз түріне, т.б. байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  1. Құжатты басып шығару жылдамдығы әдепкі біржақты басып шығару режимі үшін «кеңсе» санатындағы сынақта орташа FPOT мәндерін білдіреді, ISO/IEC 17629. Басып шығару жылдамдығы жүйе конфигурациясына, интерфейске, бағдарламалық жасақтамаға, құжаттың күрделілігіне, басып шығару режиміне, беттің көлеміне, пайдаланылатын қағаз түріне, т.б. байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

3 Фотосурет басып шығару жылдамдығы Canon Photo Paper Plus Glossy II жылтыр қағазында ISO/JIS-SCID N2 стандартын қолданатын әдепкі драйвер параметрлеріне негізделген және негізгі компьютерде мәліметтерді өңдеу уақытын есепке алмайды.

Дисклеймер: Mopria® сөздік белгісі және Mopria® логотипі АҚШ-тағы Mopria Alliance, Inc. компаниясының тіркелген және/немесе тіркелмеген сауда белгілері болып табылады және аталған логотипті пайдалануға қатаң тыйым салынады.

 

 

 

 

Другие новости

Back to top button