Выбор редакцииСпорт

АҚТӨБЕЛІК НҰРАСЫЛҒА НОМИНАЦИЯСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

#АуылФутбол AWARDS-2023 премиясында «Үздік жартылай қорғаушы» номинациясында жеңімпаз атанған Ақтөбе облысы, Ақкөл ауылының «Ақкөл» командасының ойыншысы Нұрланұлы Нұрасыл марапатталды.

Жас футболшы рейс кешігуіне байланысты Алматыға келе алмай, құттықтауларды тікелей эфирде қабылдаған болатын.

25 наурызда #АуылФутбол CUP 2024 турнирінде Нұрасылға сыйлықты «Торнадо PLUS» компаниясының бас директоры Игорь Проценко табыс етті.

#АуылФутбол AWARDS-2023 үздіктерін марапаттау рәсімі — #АуылФутбол жобасының соңғы 4 жылдағы басты оқиғаларының бірі.

Премияның Бас демеушісі – «Халық» Қайырымдылық қоры.

#АуылФутбол жобасы туралы ақпарат

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды. Идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаты ауылдағы балалар футболын қолдау. Оның қызметі барысында 100-ден астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаң салынып, жаттықтырушылар үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді.

2023 жылдың қараша айында #АуылФутбол жобасы «Халық» Қайырымдылық қорымен бірге ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында футболға икемі бар 3000 жасқа қолдау  көрсету көзделуде. Оның ішінде еліміз бойынша 100 ауылдық балалар футбол командасы қажет форма мен құрал-жабдықпен қамтылып, 100 ауыл жаттықтырушысының УЕФА-ның D санаты бойынша біліктілігі көтеріледі. 3 команда арнайы кәсіби оқу-жаттығу жиынынан өтеді. Барлық өңірлердің қатысуымен «Halyk Open Cup — 2024» турнирі ұйымдастырылады.

«Халық» қайырымдылық қоры еліміздегі білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік салаларды қолдауға арналған жобаларды тұрақты қаржыландырып келе жатқан белсенді ұйым. Осы уақытқа дейін Қор жұмысына Тимур және Динара Құлыбаева 50 млрд теңгеден астам ақша бөліп, қаржыландырды.

 

 

Другие новости

Back to top button