Актюбинская область

Ақтөбедегі қоқыс полигонында өрт қайта басталды

Ақтөбеде қоқыс полигоны қайта өртенді, деп хабарлады «Диапазон» газеті.

«Полигон тағы да өртеніп жатыр. Жел түтінді Батысқа қарай айдап әкетуде. Қазір онда өрт сөндірушілер жүр», — дейді «Актобе, дыши!» қозғалысының еріктісі Влад.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 тамыз күні кешке полигонның өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Ведомствоның мәліметінше, жалын 1000 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған.

Полигондағы өрт әлі сөндіріліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Другие новости

Back to top button