Актюбинская область

Ақтөбедегі әйел мен бала өлімі: күдікті қылмысқа не үшін барғанын айтты

Жиналған дәлелдемелердің арқасында ол қылмысын мойындаған

Ақтөбеде бір отбасын пышақтап кеткен күдікті ауыр қылмысқа пәтерді тонау үшін барғанын мойындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhyагенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

 

Қамауға алынған күдікті, яғни 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болғанын айтқан.

«Тәртіп сақшыларының айтуынша, қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жасар оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан», — делінген хабарламада.

Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды.

Ал күдікті қылмысын мойындаған. Қарақшылық жасап, бірнеше адамды өлтіргені үшін айыпталып, тергеліп жатыр.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпау шарасымен қамауға алынды», — деді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.

 

Белгілі болғандай, әйел дәмханада әкімші болып жұмыс істеген. Балаларды жалғыз бағып отырған. Жасөспірім балат колледжде оқып жүрген. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын 13 жастағы қыз әкесінен айырылған. Ер адам басқа отбасымен тұрғанымен, балалармен араласып тұрған. Туыстарының айтуынша, ер адам бір күн бұрын асылып өлген. Бірақ екі оқиғаның арасында ешқандай байланыс жоқ екені айтылып жатыр.

Другие новости

Back to top button