Актюбинская область
Ақтөбедегі 9 трансформаторды қолды қылған ұрылар ұсталды (ВИДЕО)
Құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының 9 трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.
Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.