Актюбинская область
Ақтөбеде үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті: полиция оның ата-анасы жазалады

Ақтөбеде 5 мамыр күні үш жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Оқыс оқиға салдарынан бала жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бойынша баланың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады.
«Полиция департаменті ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
Терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнатуға, балалардың қараусыз қалуына жол бермеуге, сондай-ақ, балаларға терезе саңылауларының жанында ойнаудың қауіптілігін түсіндіруге ерекше назар аудару керек», — делінген облыстық ПД хабарламасында.