Актюбинская областьВыбор редакции

Ақтөбеде түнгі клубтың күзетшілеріне келушілерді қатігездікпен өлтірді деген айып тағылды: Тоғыз адам ұсталған

 

Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.
“Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Оқиға клубтың видокамерасына түсіп қалған. Бастапқыда төбелес клубтың алдында басталған, артынша фоеде жалғасыпты. Артынша күдіктілер зардап шегушілерді “ВАЗ-2114”, “Хенде-Cонато” көліктеріне салып алып кеткен. Зардап шеккендердің бірі алғаш ұсталған үш күдіктіні таныды.
“Үш адамнан түсініктеме алынды. Олар өздерінің адам өліміне қатысы бар екендерін мойындамаған. Зардап шегуші күдіктілерді танып, олардың “Миллонер” клубында адамдарды соққыға жыққанын айтты”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Ақтөбеде Нокин көшесінің бойында Елек өзенінің жағасынан екі мәйіт табылған болатын.

Другие новости

Back to top button