Актюбинская область

Ақтөбеде суға батып кеткен екінші баланың денесі табылды

Балалар бұзау іздеуге шығып, содан оралмаған

Кеше Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетті. Біреуінің денесі екі сағат ішінде табылды. Ал екіншісін сүңгуірлер 5 метр тереңдіктен алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«28 мамыр күні сағат 01:25-те ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері тереңдігі 5 метр және жағадан 6 метр қашықтықта 12 жастағы ер баланың денесін судан шығарды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, оқиға Ырғыз өзенінің Құрылыс ауылы маңында болды. 12 жастағы екі бала бұзау іздеуге шығып, оралмаған.

Другие новости

Back to top button