Актюбинская область
Ақтөбеде спорт мектебінің басшылары бюджет қаржысын құмар ойынға ұтылып қалған

Ақтөбе облысының прокуратурасы бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған спорт ұйымдары басшыларының әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Ulyssport.
Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізген.
Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.