Актюбинская область
Ақтөбеде шахтада болған жарылыс: 1 адам жағдайы ауыр күйде жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе облысындағы шахтада болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Жарылыс 28 ақпан күні «Казхром» Eurasian Resources Group (ERG) АҚ филиалы Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде болды.
«Біреуінің жағдайы ауыр, реанимацияда. Қалғаны бөлімшеде күйікке байланысты ем алып жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Айта кетейік, осыған дейін шахтадағы жарылыстан 4 адамды күйік шалғаны туралы хабарланған болатын.