Актюбинская область

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған тұрғын 200 адамды алдап кеткен

Оған сот үкімі шықты

Ақтөбеде «ЦентроФинанс» қаржы пирамидасын құрушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық №2 соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, сот Т. есімді азаматтың қаржы пирамидасын құрып, оны 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 22 ақпанына дейін басқарғанын анықтады.

«Ол 192 адамның жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам жинақ ақшасын алдап алған. Салымшыларға келтірілген шығын 825 миллион теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.

«Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, сотталушының өкінетіні, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын және қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оны жеті жыл мерзімге коммерциялық және қаржылық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті», — делінген әділет органының хабарламасында.

Ер адам алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Другие новости

Back to top button