Актюбинская областьВыбор редакции

Ақтөбеде қағаз қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Ақтөбеде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Өлі денені көпқабатты тұрғын үй жанына тастап кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақпарат Ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасында жазылды. Дерекке сүйенсек, оқиға 19 желтоқсан сағат 22:05-те тіркелген. Полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны жайында хабар түскен.

Дерек бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр,

— делінген полиция ақпаратында.

Сондай-ақ, бұл іс бойынша Қылмыстық кодектің 100-бабымен (ананың жаңа туған баланы өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Другие новости

Back to top button