Актюбинская область

Ақтөбеде мол жауын-шашыннан егін қайта көктеп кетті

Ақтөбенің Әйтеке би ауданында толассыз жауыннан соң егін қайта көктей бастады. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы дәнді кептіру үшін 157 тонна дизел отынына тапсырыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміз бойынша солтүстік өңірлермен қатар Ақтөбенің Әйтеке би ауданында да егін ору жұмысы уақытша тоқтап қалды.

Жаңбыр салдарын тексеру үшін арнайы комиссия барған кезде дәннің қайта бүр жарып жатқанын анықтады.

«Біздің облысты да қосуға өтініш хат жаздық. Оларға берілетін жеңілдік – пролонгация. Яғни, алған несиені кейінге шегеру. Бұрын да пролонгация жасалып жүрді. Бірақ айыппұлы болды. Яғни, несие кейінге шегерілсе, төлей алмағандардың, біз айтатын «қара тізімнің» қатарына кіріп кетеді. Енді айыппұлсыз кейінге шегеру туралы ұсыныс болды. Екіншіден «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы кептіргіш аппарат алуға басымдық берілуі керек. Үшіншіден, сол кептіргіштерге жеңілдетілген дизель отынын береді. Республика бойныша 10 мың тонна деді. Біз өзіміздің сұранысымызды бердік. 157 тонна. Комиссия әлі де қарайды. Бізде негізінен Әйтеке би ауданында ғана мәселе бар»,- деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

Еске салсақ, Ақтөбенің Әйтеке би ауданында егін ору жұмысы тоқтап қалды.

Шаруалар аудандағы егін алқабының 16 пайызын ғана жинап үлгерген.

Другие новости

Back to top button