Актюбинская область

Ақтөбеде көлік апатынан зардап шеккен балалар есін жиды

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

Ақтөбеде көлік апатынан жарақат алған жас спортшылардың барлығы есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінде ем алып жатқан екі жеткіншек жалпы палатаға ауыстырылған.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, бір бала хирургия, 5-еуі травматология бөліміне жатқызылды.

«Қалған екеуі үйлеріне шығарылды. Жаттықтырушы әлі күнге дейін есін жиған жоқ. Жағдайы тұрақты ауыр халде», — деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, облыс орталығына бет алған жас волейболшылар жол бойында апатқа ұшырап, бір бала қаза тапқан еді. Қазір бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Другие новости

Back to top button