Актюбинская область

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ жігіт оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін

Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО болған жерден қашып кетті.

Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жұргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ, көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button