Актюбинская область

Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 миллион теңгені жымқырған

Ақтөбеде  жол белгілеріне бөлінген ақша жымқырылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе прокуратурасы мен «Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы»  КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған.

Оның әрекеті ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Другие новости

Back to top button