Актюбинская областьВыбор редакции

Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың зорлық белгілері бар мәйіті табылды

 Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахуновтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Полицияға сілтеме жасап.

«Іздеу шараларының нәтижесінде 28 желтоқсанда жоғалып кеткен 4 жасар Данил Ахуновтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», — деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласында 4 жасар Данил Ахунов табылмай жатқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол 28 желтоқсан күні таңертең аулада ойнап жүрген жерінен жоқ болып кетті.

 

Другие новости

Back to top button