Актюбинская область

Ақтөбеде бірнеше мектептің бухгалтерлері 22 миллион теңгені жымқырған

2023 жылы Ақтөбе мектептеріндегі бухгалтерлер бюджет қаражатын жымқырған. Осылайша мемлекеттік бюджетке 22 миллион теңгеден астам шығын келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ұрлық фактілерін қалалық прокуратура мектептерде тексеріс жүргізгенде анықтаған.

«Жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу фактілері де анықталды», – делінген хабарламада.

Барлық құқық бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі “Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп алу немесе иемдену” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Другие новости

Back to top button