Актюбинская область

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті

Олар жабдықталмаған орында шомылған

Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

30 шілдеде сағат 19:30 шамасында Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне балалардың суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Белгілі болғандай, 2009 және 2011 жылы туған бір отбасының екі баласы жабдықталмаған орында шомылған.

«Балалар Алматы ауданындағы жаңа көпір маңында рұқсат етілмеген орында шомылған. Сүңгуірлер екі баланың денесін жағалаудан 15 метр жерде 3 метр тереңдіктен тапты», — деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Другие новости

Back to top button