Актюбинская область

Ақтөбеде баласын бөтен адамдарға қалдырып кеткен ата-ана іздестіріліп жатыр

Бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар

Ақтөбе полицейлері баласын бөтен адамдарға қалдырып, сол күйі оралмаған ата-ананы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті хабардар еткендей, бала шамамен 3-4 жаста, есімі Аңсар.

«3 қарашада сағат 11.00 шамасында Ақтөбеде белгісіз әйел Нариманов көшесіндегі үй тұрғындарына баласын бірнеше минутқа қалдырып, дүкенге барып келем деп кетіп, кейін оралмаған», — делінген ПД хабарламасында.

Аталған мекенжайға жеткен ювеналды полиция қызметкерлері баланы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырды.

«Егер сізде баланың туыстары туралы қандай да бір мәліметтер болса, 8-771-785-10-58 нөміріне немесе 102-ге хабарлауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button