Актюбинская область

Ақтөбеде балабақшада балаларға берілген тамақта жәндіктер жүр

Ақтөбедегі балабақшада балаларға берілген тамақта жәндіктер жүр. Білім басқармасы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ОҚИҒА

Әлеуметтік желіде тараған видеоның авторының сөзінше, бұл Қандыағаштағы “Самал” балабақшасында болған оқиға.

— Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, “Самал” бөбекжай бақшасы. Балаларымызға осындай тамақ беріп жатқаны не сұмдық? Бұл мазақ емес пе? Ұялмай-ақ ақшаны көбейтіп отыр, ал біз құрттаған тамақ үшін төлеп жатырмыз ба? Бұл жағдайға кім жауап береді? Балаларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тез арада шара қолдану керек деп санаймыз!, дейді видео авторы.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ 

Бұл видеоға қатысты Ақтөбе облысының білім басқармасының өкілдері пікір білдірді.  Қазіргі уақытта білім басқармасы тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.

— Тексеру нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады. Барлық ата-аналардан түсіністік танытуды сұраймыз. Тексеру қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі, дейді ведомство өкілдері.

Другие новости

Back to top button