Актюбинская областьГлавное

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген ана мен бала оқиғасына қатысты тың дерек шықты

Қылмыстық оқиға қаладағы Тұрғындар қалашығында болған

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлына қатысты жаңа дерек айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Диапазон» басылымының жазуынша, қылмыстық оқиға қаладағы Жилгородок (Тұрғындар қалашығы) ауданында болған.

«Бұл үйде отбасы шамамен 5-6 жылдан бері тұрып келген. Көршілері әйел мен оның балалары әрдайым сабырлы болғанын, ешкіммен жанжалдаспағанын айтады», — деп жазады басылым.

Еске салайық, 29 наурызда таңертең Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ер баланың мәйіті табылған болатын. Марқұм әйелдің ауыр жарақаттан қансыраған 13 жастағы қызы ауруханаға жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оған ота жасалған

Другие новости

Back to top button