Актюбинская областьВыбор редакции

Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорына қатысты жаңа деректер айтылды

37 жастағы директор сол күні Ұстаздар күні мерекесін тойлаған екен

Ақтөбе облысында бала-шағасына пышақ ала жүгірген мектеп директоры «адам өлтіруге оқталды» деген баппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды  КТК телеарнасы.

«Жаңақоныс кенті мектебінің 37 жастағы директоры отбасындағы дауда педагог жұбайы мен жас өгей қызына пышақ қолдану арқылы бірнеше жерінен жарақаттаған. Дене жарақттары жеңіл. Жиналған дәлелдеме жиынтығымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚР ҚК 128-бабының талабына сәйкес ұсталды», — деді Ақтөбе облысы прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Темір Бекетов.

Жаңақоныс орта мектебі басшысының мұндай қылмысқа барғанына ауылдастары таң қалып отыр. Әріптестері де бұрын-соңды ерсі қылығын көрмедік дейді.

37 жастағы директор сол күні Ұстаздар күні мерекесін тойлаған екен. Мас болып, әйелімен сөзге келген. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін тілгілепті.

Сегіз жасар өгей қызының да құлақ тұсын пышақпен осып өткен.

Қазір күдікті қамауда отыр.

 

Другие новости

Back to top button