Актюбинская область

Ақтөбеде әйел мен оның баласын пәтерде өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Күдікті екі айға қамауға алынды

Ақтөбеде анасы мен ұлын айуандықпен өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады.

Еске салайық, 29 наурызда сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлаған. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар денесін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал 13 жастағы қыз балаға ота жасалды. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Другие новости

Back to top button