Актюбинская областьВыбор редакции

Ақтөбеде 15 жасар қыз сарайда асылып өлді

Ақтөбе облысында 2007 жылы дүниеге келген қыз суицид жасады. Оқиға Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Жасөспірім 13 қаңтар күні үй ауласындағы сарайда асулы күйінде табылған. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 15 жасар қыздың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде

— делінген министрлік мәліметінде.

Другие новости

Back to top button