«Ақтөбе» — «Қайрат» матчы кезінде футбол жанкүйерлері арасында қақтығыстар болды (видео)
«Ақтөбе» және «Қайрат» командалары арасындағы футбол матчы кезінде жанкүйерлер арасында кішігірім қақтығыстар болды. Дегенмен полиция қызметкерлері жанжалдың одан әрі өршуіне жол бермеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ жергілікті полицияға сілтеме жасап.
6 қарашада «Ақтөбе» және «Қайрат»командалары арасында футбол матчы өткен болатын.
«Ақтөбе» командасын қолдау үшін 12 мыңнан астам жанкүйер жиналған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, матч кезінде футбол жанкүйерлері арасындағы кішігірім қақтығыстар болған. Алайда мәселе дер кезінде шешіліп, тәртіп бұзылмаған. «Жанкүйерлер эмоцияларға бой алдырып, балағат сөздер айтты, полицейлер олармен профилактикалық әңгіме жүргізді», — дейді полиция өкілдері.
Сондай-ақ полиция департаменті еліміздің футбол федерациясы тарапынан аталған жайттарға қатысты шешім қабылданатынын атап өтті.
Одан бөлек, желіде қақтығыстардың бірі түсірілген видео пайда болды. Айта кетейік, ойын 4:1 есебімен «Ақтөбенің» жеңісімен аяқталды.