Актюбинская областьГлавное
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қызметінен кетті
Өңірдің жаңа басшылығына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидаттары ұсынылғаны айтылды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақтөбе облыстық мәслихатының сайты хабарлағандай, облыстың жаңа басшысы бүгін, 31 тамызда өтетін Ақтөбе облысы аумағында мәслихат депутаттарының отырысында сайланады.
«Ақтөбе облысының әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралып жатыр», — делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, Мәслихаттың ресми сайтында онлайн өтіп жатқан депутаттар жиынында Ақтөбе облысы әкімі лауазымына Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың кандидаттары ұсынылды.