ГлавноеНазначения и отставки
Ақтөбе облысының әкімі мен Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
60 жастағы Ералы Тоғжанов бұл қызметке 2022 жылғы 31 тамызда тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Шымкент әкімі де қызметінен кетті.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
42 жастағы М. Әйтенов бұл қызметке 2020 жылдың 21 қаңтарында тағайындалған болатын.