Актюбинская область
Ақтөбе облысының әкімдігі сұйытылған газ тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Атқарушы билік өңірде сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры бар деп мәлімдеді
Ақтөбе облысының әкімдігі сұйытылған газ тапшылығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі уақытта өңірде сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ, өңірді сұйытылған газ қорымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі оны жеткізумен айналысатын компаниялармен келіссөздер жүргізді», — делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.
Қыркүйек айында 12 тоннадан астам сұйытылған мұнай газы бөлінді. 6 284 тонна АГҚС және ГСО жөнелтілді.
«Өңірді сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі Ақтөбе облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында», — деп көрсетті Ақтөбе облысы әкімдігі.