Актюбинская область

Ақтөбе облысында үш жасар бала дәретханаға түсіп, көз жұмды

3 мамыр күні Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жазатайым оқиға орын алды. Үш жасар бала даладағы дәретханаға құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына жасап хабарлайды.

 

Аймақтық полиция анықтағандай, баланы туысы шығарып алған. Дәрігерлердің айтуынша, балада пневмония өршіп, ми ісінген. Бүлдіршін санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, бірақ бірнеше күннен кейін мерт болды.

Оны дәретханаға балалардың үлкені алып келген. Қатты жел соғып, дәретхананың есігі жабылғанда, бала тесікке құлаған.

Үш жасар ұлдың анасы сол уақытта ауруханада емделіп жатты, ал әкесі жұмыста болған. Бала  туыстарының үйінде қалды.

«Ата-анаға қатысты 141-бабы “Баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша қылмыстық іс басталды», – деп түсіндірді полиция.

Другие новости

Back to top button