Актюбинская область
Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен оқушылар жол апатынан көз жұмды
Ақтөбе облысында мектеп оқушылары мен мұғалімі Олимпиадаға бара жатып, Самара-Шымкент тас жолында апатқа ұшырап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық білім басқармасы адам өліміне әкелген апат 19 желтоқсан күні сағат 8:45-ТЕ Ырғыз ауылынан 50 шақырым жерде болғанын хабарлады. 2007 жылы туған екі оқушы мен мұғалім қаза болды. Олар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне баруы керек болған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тас жолда Toyota Alphard пен Volvo жүк көлігі соқтығысқанын мәлімдеді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда.