Актюбинская область

Ақтөбе облысында көлік аударылып, ресейлік азамат қаза тапты

Көлікте болған тағы бір жолаушы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді

Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте сағат 1:50 шамасында Аралтоғай ауылы маңындағы Самара – Шымкент автожолының 999 шақырымында болған.

«Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіне қарай аударылып кеткен. Жол-көлік апаты салдарынан РФ азаматы, 34 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал 39 жастағы екінші жолаушы Әйтеке би ауданының ОАА хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды», — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді.

 

Другие новости

Back to top button