Актюбинская область

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 1 қарашада Байғанин ауданында болған

Ақтөбе облысында жол-көлік апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қарашада Ақтөбе-Астрахань тасжолының Байғанин ауданы Кенжалы ауылының маңында болған.

«Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласы бағытында келе жатқан Mitsubishi Montero Sport көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған DAF жүк көлігіне соғылған. Қатты соққы салдарынан Mitsubishi Montero Sport көлігінің 56 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізушісі Темір ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты тергеу жұмысы жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.һ

Другие новости

Back to top button