Актюбинская область

Ақтөбе облысында жол апатынан депутат пен ерлі-зайыпты қаза тапты

Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 9 мамырда Ырғыз ауылының маңында болған.

«9 мамыр күні Самара-Шымкент тас жолында бір бағытта келе жатқан «ВАЗ» көлігі мен MAН жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Ақтөбе облысы жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Облыстық әкімдік көлікте мұғалім ерлі-зайыпты мен аудандық мәслихат депутаты болғанын хабарлады.

«Әйелі – бастауыш сынып мұғалімі, күйеуі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Екеуі де 1979 жылы туған. Жүргізуші ауруханада көз жұмды. Ал екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аудандық мәслихат депутаты 28 жаста еді», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық әкімдігі.

Жол-көлік оқиғасының басқа мәліметтері хабарланған жоқ. Оқиғаның себебі тергеу барысында анықталады.

Другие новости

Back to top button