Актюбинская область

Ақтөбе облысында жол апатынан 80 адам мен 15 бала қаза тапқан

Биыл Ақтөбе облысының халықаралық тас жолдарында болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 95 адам қаза тапқан, оның 15-і балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның бір себебі – жолдың нашар жағдайы. Ақтөбе облысының прокуратурасы көлік министрлігіне қадағадау актісін жолдады.

Прокуратура «Самара-Шымкент» тас жолына жан-жақты зерттеген. Бұдан басқа себеп – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеу болған.

Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкіндігінің жоқтығы адам шығынының тағы бір себебі.

Аталған мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» компанниясының өкілдері арнайы комиссияға еніп, жұмысты бастаған.

Другие новости

Back to top button