Актюбинская область

Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе — Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алған.

Другие новости

Back to top button