Актюбинская область
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Шалқар ауданында болған

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні шамамен сағат 00.50-де Шалқар – Ырғыз автожолының 91-шақырымында болған.
«Toyota Estima автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып кеткен. Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ төрт адам Шалқар қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», — делінген хабарламада.
Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушылардан сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.