Актюбинская область

Ақтөбе облысында ер адам әкімдікте істеген әйелді азаптап өлтірген: Сот үкімі шықты

Ақтөбеде облыстық әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына слітеме жасап.

 

29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берген. Соны ескерген сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті.

Қылмыс осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы бойдақпын деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйерін 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүк салғышқа салып алып екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты. Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді.

Ал марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр. — Бұл жерде азаптау, қинау. Жабірленушінің, орын алмаған. Ол ешқандай іс материалдарымен дәленбеді. Іс бойынша қарап отырсақ, ол кісі бірден өлтіру оына келіп сол жерде өлтіріп тастаған. 35 жерден жарақат алған.

Другие новости

Back to top button