Мангистауская область

Ақтауға шұғыл қонған ұшақтың ішінде Қазақстанның бір топ футболшысы болған

Күні кеше хабарлағынымыздай, тағы бір ұшақ Ақтауға апатты жағдайда қонған еді. Анықталғандай, Air Astana авиакомпаниясының осы рейсімен Қазақстанның бір топ футболшылары Түркияға ұшып бара жатқан екен, деп жазады Azattyq Rýhy.

Air Astana-ның мәліметіне сүйенсек, ұшақтың жанар-жағармай құятын багынан ақау шыққан. Сондықтан, ұшқыш Алматыдан Антальяға қарай бет алған ұшақты тез арада Ақтауға қондыру туралы шешім қабылдаған екен. «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смаков ұшқыштың ерлігін атап өтті.

«Біз Өзбекстанның ба, әлде Түркіменстанның ба аспанынан ұшып бара жатқамыз. Ұшқыш техникалық себептерге байланысты Ақтауға қонатынымызды айтты. Экипаж бен бортсеріктердің кәсіби маман екенін айта кетейін. Ұшақ ішінде үрей болған жоқ, тіпті, қалай қонғанымызды да білмей қалдық», — дейді Самат Смаков.

Әуе компаниясы ұшақтың қосалқы бөлшегін алдырып, оны жөндеп, жолаушыларды бүгін Түркияға қарай алып ұшты. Самат Смаков бірнеше минут бұрын Антальяға жолға шыққанын суретке түсіріп, желіге салған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсаны күні Ақтау маңында Әзербайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Другие новости

Back to top button