Актюбинская область

Ақтауда үш баласын бауыздап өлтірген әкенің ауыр қылмысқа баруына не себеп болғанын жақындары айтып берді

Өз пәтерінде үш баласын бауыздап өлтірген ақтаулық Жәнібек Есеновтың жат ағымның жетегінде кеткендердің бірі екені белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап.

Бейнеу ауылының тумасы Жәнібек Есенов 2010 жылы Айдана Қасиеваға үйленіп, 12 жыл отасқан жарынан үш бала сүйген. Бір ұл және екі қыз. Алайда ерлі-зайыпты 2022 жылы желтоқсан айында заңды түрде ажырасып кетеді. Құрдастарының айтуынша, ерлі-зайыптының ажырасып кетуіне Жәнібек соңғы жылдары күрт өзгеріп кетуі себеп болған.

Жәнібектің ауылдастары мен достары ашық мінезді жолдастарының қанды қылмыс жасағанына сенбей, әлі де аң-таң.

“Үйленіп, отбасылы болғаннан кейін ол Ақтауға көшіп кетті. Кейін намазға жығылып, тұйықталып кетті. Содан бері араласқан жоқпыз”, – дейді Арман Қожағалиев.

24 наурыз күні Маңғыстау облысы, Ақтау қалсында 37 жастағы Жәнібек есімді ер адам 7, 9, 12 жастағы балаларын қойша бауыздап өлтірді. Бауыр еті балаларын асқан қатігездікпен өлтірген күдіктінің мұндай қылмысқа баруына жат ағым ықпал етті десе, енді бірі отбасылық жанжалдың әсері дейді. Жаға ұстатар жағдайды алғашқылардың бірі болып білген әрі үш баланы соңғы көрген қылмыскердің туған әпкесі Анаргүл Есенова.

“Мен бірінші болып кірдім. Артымнан учаскелік полицей және басқалары кірді. Кіргенде інім еңіреп жылап тұрды. Жаным-ау, не болды дедім. Ол маған алдында анау әйел алиментке жазды, ажырасып жатқанда алиментке жазбаймын деп жатыр еді. Балаларын қатты жақсы көрді. Балаларын әйелге бермеймін деген қызғаныш болды ма, өзім білмеймін. Балаларымен дұрыс сөйлесе алмайтын еді. Соның бәрі ішінде жиналып жүрді ме екен», — дейді Анаргүл Есенова.

Десе де, інісінің бұл әрекетін ақтауға келмейтінін түсінсе керек: “Үш баланы өлтіруге дәті барған кезде, өзіне неге қол жұмсамады екен? Өзіне-өзі қол жұмсағанда жарамыз жеңіл болатын еді», – дейді Анаргүл Есенова.

Ол бауырының мұндай айуандыққа баруына әйелі екеуінің арасындағы кикілжің себеп болды деп ойлайды. Алайда айыпталушының қанды қылмысты жасауға басқа да себептері бар көрінеді.

Ақтаулық полицейлердің айтуынша, күдікті «Жусан» операциясы аясында Сириядан қайтарылған. Жәнібек Есенов Атырауда деструктивті ағымның өкілі ретінде есепте тұр. Алайда ол аталған операциямен шетел асқан болса, қалай бостандықта жүргені білгісіз.

Қылмыскердің көрішелері де Жәнібектңі жат ағымның өкілі екеніне сенімді.

“Басқа діндегі адамдар. Соңғы 2-3 жылда басқа ағымға кетіп қалды. Бүркеніп жүргенін көрдік. Басқа дінмен жүретін, намаз оқитын отбасы болатын. Киім кигендер, жүрістер бізбен салыстырғанда басқа. Балақтары қысқа шалбар киетін, келіншегінің бет-аузын  жауып, үйінен шығармайтын. Үйіне барған кезде де кіргізбейтін”, – дейді күдіктінің көршілері.

“Балаларын көрсетпеді” деп айыптаған Жәнібектің бұрынғы әйелі Айдананың анасының да айтары бар.

“Ақтауға барды, Атырауға барды, екі ортада пәтер жалдап жүрді. Сосын күнелте алмағасын мен алып кеттім. Қол жұмсайды, бір күні өлтіріп тастай ма деп, балаларымен бірге алып келдім. Мен өз қызымды қорғаштадым. Балаларынан бұрын қызым өліп қалатын еді. Балалар бірінші каникулда барды, екінші каникулға жібергенде осындай жағдай болды», — дейді анасы.

Ал үш бірдей баласынан айырылған Айдананың өзі болған оқиғаға әлдеқашан көндігіп қойған.

“Айта берсін, мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас, намаз оқимын. Қоғамда қазір бәрі «вахабист» дейді, айта берсін. Маған бәрібір, сөйлей берсін, мен ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін, болды, басқасына жауап бермеймін. Балалар Аллахқа қайтты, сол адамның себебімен Аллахқа қайтты, болды», — деді Айдана.

Еске салайық, биыл наурыз айында Ақтау қаласының 27 шағын ауданындағы үйдің пәтерінен 2011, 2014 және 2016 жылы туған балалардың мәйіттері табылды. Балаларын өлтірді деген күдікпен 37 жастағы әкесі ұсталды. Қанды қылмысқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Другие новости

Back to top button