Мангистауская область
Ақтауда құтқарушылар 18 жастағы жігіттің денесін судан шығарды
Ақтауда құтқарушылар судан 18 жастағы жігіттің денесін шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
25 тамызда сағат 17:40 шамасында Каспий теңізінің жағалауында қайғылы оқиға болды. Солдат жағажайы ауданында Маңғыстау облысының тұрғыны, 2006 жылы туған А.Б.Тілеп катамараннан секіріп, суға батып кеткен.
«Іздеу жұмыстары кезінде жас жігіттің денесі 2 метр тереңдіктен және Солдат жағажайы аймағында жағадан 300 метр қашықтықта табылды», — деп хабарлады ТЖД.
Айта кетерлігі, дәл осы Солдат жағажайында 7 шілде күні 1999 жылы туған жігіт суға батып кетті. Марқұмның денесі 8 шілдеде табылды.